Тоқаев Малайзия премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Малайзия премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 18:56 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қазақстан Малайзиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өткен. Сондай-ақ Президент ортақ күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық алдағы уақытта да халықтарымыздың игілігі жолында дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимнің игі бастамаларына сәттілік, ал Малайзия халқына бақ-береке тіледі.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте Ильхам Әлиевпен кездескенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: