Жаңбыр, қар, найзағай және шаңды дауыл: 1 қыркүйекте ауа райы жайсыз болады
Фото: unsplash
Сонымен қатар күндіз кей жерлерде бұршақ жауып, желдің екпіні күшеюі мүмкін. Түнде республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал.
Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде антициклонның сілемі әсерінен жауын-шашын түспейді.
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді.
"Елдің оңтүстігінде кей жерлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Республика бойынша солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ синоптиктер бірқатар өңірде өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі болатынын ескертті.
Өрт қаупінің жоғары деңгейі Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысы мен орталық бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында, сондай-ақ Маңғыстау және Қарағанды облыстарының орталық бөлігінде болжанады.
Өрт қаупінің төтенше деңгейі Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстік-батысында, сондай-ақ Алматы облысының батысы, шығысы және орталық бөлігінде, Жетісу облысының оңтүстігі, шығысы және орталығында күтіледі.