Алматыда 4-13 қыркүйек аралығында Центральная және Талды көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Фото: Zakon.kz
Шұғыл апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2026 жылы 4-13 қыркүйек аралығында Центральная және Талды көшелерінің Кәкімбек Салықов көшесінен Жәңгір хан көшесіне дейінгі бөлігінде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Бұл туралы "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандары айтты.

Жұмысты жүргізу қажеттілігі №2353 және №2363 220 кВ электр беру желілерінің зақымдануына байланысты туындаған. Соның салдарынан Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын электр энергиясымен сенімді қамтамасыз ететін 220 кВ желінің сақиналы сызбасы бұзылған.

Электрмен жабдықтаудың сенімді сызбасын қалпына келтіру үшін "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандары Центральная және Талды көшелері маңындағы зақымдалған кабель учаскесінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын қысқа мерзімде жүргізуі қажет.

Жұмыстардың ерекшелігіне байланысты аталған аумақта жол қозғалысын ұйымдастыру тәртібі уақытша өзгереді.

Жұмыс барлық қажетті қауіпсіздік шараны сақтай отырып, тәулік бойы жүргізіледі. "АЖК" АҚ мамандары жұмыстарды жедел аяқтап, көлік қозғалысына енгізілетін уақытша шектеу мерзімін барынша қысқарту үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары технологиялық ақаудың одан әрі өршуіне жол бермеуге және Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын электрмен жабдықтаудың сенімді сызбасын қалпына келтіруге бағытталған.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлап, қажетті жұмыстарға байланысты уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған