"Аптап ыстық қайта оралады". Алматы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматыда алдағы аптада ауа райы қолайлы болады, соңына қарай күн бірте-бірте ысып, аптапқа қайта оралады. Ал демалыс күндеріне қарай аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ауа температурасы айтарлықтай төмендейтіні болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаев алдағы 7 күнге арналған ауа райының алдын ала болжамын ұсынды.

Синоптиктің айтуынша, алдағы аптада Алматыда негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр, көбінесе қаланың таулы аудандарында болатыны болжанады. Аптаның бірінші жартысында күндізгі ауа температурасы +22...+24°С-ден +33...+35°С-ге дейін біртіндеп көтеріледі.

"Синоптикалық жағдайға сәйкес, 5-7 қыркүйек аралығында ел аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым ықпалында болады. Осыған байланысты Алматыда қолайлы ауа райы күтіледі. Сонымен қатар 6 қыркүйекке қараған түні қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін", - дейді Дәулет Кісебаев.

Сонымен қатар мамандар 11 қыркүйектен бастап ауа райы құбылып, таңертең және күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын болжайды.

"Осы жағынан алғанда, Алматыда алдағы апта қолайлы температурамен басталып, күн күрт жылынады, бірақ апта соңында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, сынап бағаны төмендейді", деп сөзін түйіндейді гидрометеоорталық өкілі.

Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 5-11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы:

Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді