Мүгедектігі бар қазақстандыққа қажетті құралдар берілмеген: дау немен аяқталды

Фото: pixabay
Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мүгедектігі бар азаматтың Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаментіне қатысты талап арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтырақ айтқанда, сот жеке гигиенаға қажетті құралдарды жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына енгізуден бас тартуды заңсыз деп таныды.

"Талап қоюшының әскери қызмет өткеруіне және иондаушы сәулеленудің әсеріне байланысты II топтағы мүгедектігі бар. Медициналық құжаттарға сәйкес, оған аталған құралдар қажет", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот медициналық ұсынымдар болған жағдайда мұндай құралдарды беруден бас тарту мүгедектігі бар адамның өз бетінше өмір сүру қабілетін сақтап, лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтінін атап өтті.

Сот шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты