Цифрлық бизнес картасын әзірлеу әдістемесіне өзгерістер енгізілді

Фото: pixabay
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 27 тамыздағы бұйрығымен Цифрлық бизнес картасын әзірлеу әдістемесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта Цифрлық бизнес картасы Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерімен және ұйымдардың цифрлық жүйелерімен интеграциялық өзара іс-қимыл барысында алынатын кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтер негізінде қалыптастырылатыны нақтыланды.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік және өзге де қызметтерді "бір терезе" қағидаты бойынша ұсыну Цифрлық бизнес картасының негізгі бағыттарының бірі саналады. Бұл мүмкіндік мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар қызметтер туралы заңнамаға сәйкес "цифрлық үкіметтің" веб-порталында іске асырылады.

Кәсіпкерлердің қарсы міндеттемелерді орындауына мониторинг мемлекеттік органдар мен ұйымдардың цифрлық жүйелерімен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы Цифрлық бизнес картасында автоматты түрде жүргізіледі.

Бұйрық 2026 жылғы 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды