Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кешенді тәсілін енгізу ұсынылды. Бұл қазақстандықтарға уақытша төлем алып қана қоймай, тұрақты табысын тезірек қалпына келтіруге, жаңа мамандық меңгеруге және еңбек қызметіне сенімді түрде оралуға мүмкіндік береді.
Жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі мен мерзімдерін 2026 жылғы 1 қазаннан бастап өзгерту жоспарланып отыр.
Атап айтқанда, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем мерзімін алты айдан үш айға дейін қысқарту ұсынылды.
Қазіргі уақытта төлем мөлшері кейінгі 24 айда әлеуметтік аударымдар төленген орташа айлық табыстың 45%-ын құрайды.
1 қазаннан бастап жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшерін жеті ең төменгі жалақының 45%-ы деңгейінде шектеу жоспарланып отыр.
Құжат 25 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.