Президент 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларын марапаттады

Сурет: akorda.kz
2026 жылғы 11 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойып, оларды иелеріне өзі табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы жоғары жетістіктері, сондай-ақ Бішкек қаласында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқаны үшін наградталды:

"Құрмет" орденімен

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы беріледі

11 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар мен бапкерлерді Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жарқын жетістіктерімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаның жетістігін мысалға келтіріп, қазақстандық спортшылардың әрдайым үздіктер қатарында екенін айтты. Оның сөзінше, отандық спорттың бүгінгі жетістіктері – Үкімет пен тиісті министрліктің жүйелі әрі дәйекті жұмысының алғашқы нәтижелері.

Сондай-ақ Президент спорт мектептерінде тәрбиеленетін әр балаға бөлінетін қаражат көлемі екі есеге жуық, яғни 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге дейін артқанын мәлімдеді.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді