Қазақстанда цифрлық активтерді қолдану аясы кеңейеді

Фото: pixabay
Астана халықаралық қаржы орталығының реттеушісі – Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің (AFSA) басқарушы директоры Еркегали Еденбаев 2026 жылғы 15 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында цифрлық активтер саласын дамытуға бағытталған жаңа шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ұсынылған шаралар төлемдерді жүргізу мерзімін қысқартып, бизнес шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, цифрлық активтерді одан әрі дамытудың негізгі бағыттарының бірі нақты активтерді токендеу (Real World Assets, RWA) болмақ.

"2024 жылдан бері АХҚО-да активтерді токендеуді реттейтін режим қолданылады. Бұл бағыттағы жобаларды іс жүзінде жүзеге асыру басталды. Биыл АХҚО Орталық Азияда алғаш рет аграрлық сектор активтерін токендеуге арналған Commodity Chain платформасына лицензия берді. Платформаны осы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Bitfinex Securities платформасында активтерді токендеу арқылы 300 млн доллар тартылды. Бұл инвесторлар мен эмитенттер тарапынан осындай құралдарға сұраныс бар екенін көрсетеді", – деді Еркегали Еденбаев.

Оның пікірінше, бұл Қазақстан экономикасына қосымша халықаралық капитал тартуға мүмкіндік береді.

"Алдағы жұмыс Қазақстан Республикасы Президентінің цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі Жарлығын іске асырумен байланысты болады. Негізгі міндеттердің бірі – АХҚО-ның цифрлық активтерін Қазақстанның жалпы юрисдикциясында тану. Екінші бағыт – стейблкоиндер индустриясын дамыту. Қазір халықаралық саудада стейблкоиндерді пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл төлем мерзімдерін қысқартып, бизнестің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді", – деді ол.

Спикер аталған шараларды жүзеге асыру Қазақстандағы цифрлық активтер экожүйесінің одан әрі дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Бұған дейін, 2026 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстанның крипторезерві 700 млн долларға жеткені белгілі болды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі