АХҚО провайдерлері жүргізген операциялар көлемі 10 млрд доллардан асты

Фото: unsplash
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 15 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында "Астана" халықаралық қаржы орталығы провайдерлері жүргізген операциялар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол 2023 жылы "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" заң қабылданғанын еске салды.

"2025 жылдың қорытындысы бойынша АХҚО провайдерлері жүргізген операциялар көлемі 10,6 млрд долларға жетті. Клиенттер саны шамамен 215 мың пайдаланушыны құрады. Алайда бұл режим тек АХҚО аясында қолданылды және елдің бүкіл ішкі нарығын қамтымады", – деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, 2025 жылғы шілдеде Ұлттық банк цифрлық активтер саласына жаңа өнімдер мен бизнес-модельдерді енгізу үшін "реттеуші құмсалғыш" құрған.

Қазір "реттеуші құмсалғыш" аясында 14 бағыт бойынша 34 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында стейблкоиндер, токендеу, криптобиржалар, кастодиандық және криптофиаттық қызметтер бар.

Бұған дейін Қазақстанда цифрлық қаржы активтерін шығару қағидалары бекітілгені хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберу тәртібіне қатысты жаңа талаптар әзірленіп жатыр