Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Фото: Zakon.kz
Ақмола облысының Зеренді ауданында 5 және 6-сынып оқушылары бір сыныпқа біріктіріліп, бірге оқытыла бастаған. Бұл шешім ата-аналар арасында пікірталас тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат 2026 жылғы 15 қыркүйекте жергілікті пабликтің Instagram-дағы парақшасында жарияланған. Алаңдаған ата-аналардың айтуынша, мұндай шешім бюджет шығындарын қысқартуға байланысты қабылданған.

"5 және 6-сыныптар – жас ерекшеліктері әртүрлі, оқу бағдарламасы, дайындық деңгейі мен оқу жүктемесі бөлек оқушылар тобы. Ал жеке сыныптардың орнына балаларды бір сыныпқа отырғызу толыққанды оқу процесіне кері әсер ететіні анық", – делінген жарияланымда.

Бұған жауап ретінде Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі сыныптарды қалыптастыру оқушылардың нақты санына қарай жүргізілетінін хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 97-тармағына сәйкес, шағын жинақты мектептерде жасы әртүрлі оқушыларды біріктірілген сыныптарда оқытуға рұқсат етіледі. Оның ішінде жас айырмашылығы 1-2 жыл болатын екі немесе үш сыныпты біріктіруге болады", – деп түсіндірді ведомство.

Дегенмен білім бөлімі ата-аналардың пікірін ескеріп, сыныптарды қайта бөлу туралы шешім қабылдаған.

"Ата-аналардың пікірін, сондай-ақ осы оқу жылында қосымша оқушылардың қабылдануын ескере отырып, білім бөлімі бұрын біріктірілген сынып-жиынтықтарды қайта бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл аталған Үлгілік қағидалардың 97-тармағының талаптарына сәйкес келеді. Оқу тиісті сыныптардың жұмыс оқу жоспары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі", – деп толықтырды мемлекеттік орган.

Білім бөлімінде оқу процесін ұйымдастыру және педагогтердің оқу жүктемесін бөлу мәселесі бақылауда екенін нақтылады.

Ал Алматыда оқушылардың ата-аналары мұғалімдерді қорғауға шықты. Қаладағы мектеп-гимназиялардың бірінде бірқатар мұғалім жаппайжұмыстан шығарылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстандық әйел бес жыл бойы балаларына түрмеде отырғанын жасырып, "іссапарда жүрмін" деп келген