Тоқаев Қазақстан мен Корея арасындағы "алтын көпірді" атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда екі елдің заң шығарушы органдары маңызды рөл атқаратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 11:24 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда екі елдің заң шығарушы органдары маңызды рөл атқаратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент соңғы жылдары мемлекеттер арасындағы парламентаралық диалогтың айтарлықтай тереңдегенін атап өтті.

"Қазақстан Парламенті мен Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы арасындағы байланыстар тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Осындай байланыстарды Құрылтай депутаттары белсенді түрде дамыта бермек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынастардың сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық бағыттарына да тоқталды.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда Корея капиталының қатысуымен мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен қатар көптеген маңызды салада бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр.

"Біздің мәдени-гуманитарлық байланыстарымыздың тамыры тереңде. Қазақстанда шамамен 120 мың корё-сарам қауымы, яғни этникалық корейлер тұрады. Олар халықтарымыз арасындағы достықтың "алтын көпірі" десек, артық болмайтын шығар", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы корей халқының Қазақстанға қоныс аударғанына 90 жыл толатынын еске салды.

"Бұл – тарихи оқиға. Екі мемлекет бірлесіп, осы айтулы межені жоғары деңгейде атап өтуіміз керек", – деді Президент.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: