Салық органдары кедендік декларациядағы бір бағанды толтырудың ерекшеліктерін түсіндірді

Фото: gov.kg
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тауарларға арналған декларацияны ұсыну кезінде "Жүк орындары және тауарлардың сипаттамасы" деген 31-бағанды толтырудың негізгі ерекшеліктерін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

31-баған декларацияның негізгі бөлімдерінің бірі саналады. Онда көрсетілетін толық мәліметтер өнімді нақты сәйкестендіру және Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша 10 таңбалы кодты дұрыс айқындау үшін қажет.

31-бағанды дұрыс әрі толық толтыру:

Құқықтық негіздер мен нормативтік талаптар

31-бағанды толтыру тәртібі Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы шешімімен реттеледі. Тауарлардың жекелеген түрлері бойынша мәліметтерді егжей-тегжейлі көрсету талаптары аталған тәртіптің №2 қосымшасында бекітілген.

Бұл талаптар тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару, кеден қоймасы, қайта өңдеу, уақытша әкелу немесе әкету, кері импорттау, кері экспорттау, еркін кеден аймағы және еркін қойма рәсімдеріне орналастыру жағдайларын қамтиды.

Тауарлардың тек жалпылама атауын көрсетуге жол берілмейді. Олардың сипаттамасы толық, нақты әрі түсінікті болуы керек.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға арналған ұсынымдар

Кедендік рәсімдеу кезінде кідірістерге жол бермеу және декларациялау тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу қаупін азайту мақсатында департамент декларацияны тапсырар алдында мәліметтерді мұқият тексеруді ұсынады.

31-бағанда көрсетілетін мәліметтер:

Бизнестің белгіленген кедендік қағидаларды сақтауы – рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мен барлық кедендік рәсімнен жедел өтудің негізгі шарты.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі