2029 жылға қарай Қазақстанда туристер саны 15 миллионға жетеді

Фото: пресс-служба акимата Алматы
Туризм және спорт министрлігі алдағы жылдары елдегі туристер ағынының артуына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан 15,7 млн шетелдік азамат өткен.

"Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің деректері негізінде қалыптастырылған және елге кірген шетелдік азаматтардың санын көрсетеді. Оны орналастыру орындарының қызметін пайдаланған шетелдік туристердің санымен теңестіруге болмайды", – делінген министрліктің редакция сауалына берген жауабында.

Министрлік алдағы уақытта да көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастырмақ.


"Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, 2029 жылға қарай орналастыру орындарында қызмет көрсетілген ішкі туристер санын 11 млн адамға, ал шетелдік туристер санын 4 млн адамға дейін жеткізу көзделген. Жоспарланған динамиканы ескере отырып, 2027 жылы ішкі және шетелдік туристер ағынының одан әрі өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр", – деп толықтырды Туризм және спорт министрлігі.

Бұған дейін 2027 жылы Қазақстанда 140-тан астам қонақүй мен шипажай салынатыны хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді