Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 20 қыркүйекте Алматыда және еліміздің тағы бес қаласында түнде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"20 қыркүйекте Павлодар, Орал, Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларында, сондай-ақ Қостанайда түнде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін cиноптиктер 20 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Ақтөбе
Атырау
Орал
Қостанай
Алматы
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі