"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің болжамында:
"Жаңа аптаның басында Қазақстан аумағынан атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Алайда ауа температурасы осы мезгілге сай жайлы болады", – делінген.
Күндіз ауа температурасы:
- батыста +25…+32°C;
- солтүстік-батыста +20…+31°C;
- солтүстікте және орталық өңірлерде +18…+27°C;
- шығыста +13…+23°C болады.
"Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы +25…+32°C-қа дейін көтеріледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Бұған дейін "Қазгидромет" 2026 жылғы 21 қыркүйекке дауылды ескерту жариялаған еді. Синоптиктер Астана, Алматы және Қазақстанның 15 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары болатынын ескертті.