Қазақстанда 2027 жылдан бастап маркетплейс сатушыларының аккаунттарын бұғаттау жоспарланып отыр

Фото: freepik
Бұл норма "Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қарастырылған. Құжатқа "Интернет-ресурста және (немесе) интернет-алаңда тауар сатуды тоқтата тұру" атты жаңа бап енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маркетплейстерде тауар сататын тұлғалардың қызметіне жүргізілген талдау мұндай алаңдар арқылы жалпы сомасы 2 трлн теңгеден асатын тауар сатылғанын көрсетті. Оның ішінде 200 млрд теңгеден астам тауардың шығу тегін растайтын құжаттарсыз өткізілгені анықталды.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша сатушыларға хабарламалар жіберілген.

Енді құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін маркетплейсте тауар сататын тұлғаның аккаунтын бұғаттау арқылы сауданы уақытша тоқтату ұсынылып отыр.

Сонымен қатар отандық маркетплейстерге шетелдік сатушыларға қатысты салық агентінің міндетін жүктеу жоспарланған.

Әзірлеушілердің түсіндіруінше, шетелдік сатушылар маркетплейстер арқылы қазақстандық тұтынушыларға ұсынатын тауарлардың өзіндік құны тиісті салық жүктемесінің болмауына байланысты төмен болуы мүмкін. Бұл қазақстандық сатушылар үшін тең емес жағдай қалыптастырады.

Мұндай операцияларға қосылған құн салығын салудың жеке тетігі қарастырылады. Онда салық кезеңі, салықты есептеу және төлеу тәртібі белгіленеді. Жаңа тетік 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 25 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға жарияланды.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында қандай жаңашылдықтар ұсынылғаны туралы жазған едік.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды