Қазақстанда талапты бұзған автомектептер тізілімнен шығарылады

Сурет: freepik
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 22 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында жүргізушілерді даярлау сапасына бақылауды күшейтіп, талаптарды бұзған автомектептерді тізілімнен шығаруды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, көлік жүргізу тәжірибесі аз жүргізушілерге ерекше назар аудару қажет.

"Олар жолдағы жағдайды және өз мүмкіндіктерін дұрыс бағаламау, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтамау салдарынан жол апатына жиі ұшырайды. Жүргізушілерді даярлау сапасын арттыру үшін Ішкі істер министрлігіне оқу ұйымдарының қызметін реттеу және үйлестіру жұмысын күшейтуді тапсырамын. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда талаптарды сақтамайтын автомектептерді жалпы тізілімнен шығару қажет. Министрліктің бұған тиісті өкілеттігі бар", – деді Олжас Бектенов.

Ол жергілікті жағдайды ескере отырып, жол-көлік оқиғалары жиі болатын учаскелердегі қозғалысты бақылауды күшейтіп, тиісті шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

"Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт министрліктері мен әкімдіктер оқушыларды түрлі білім беру, мәдени және спорттық іс-шараларға жіберген кезде оларды полиция қызметкерлерінің міндетті түрде алып жүруін қамтамасыз етуі қажет. Жалпы, жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек", – деді Премьер-министр.

Бұған дейін Қазақстанның тасжолдарында орташа жылдамдықты бақылау ауқымы кеңейтілетіні хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан