Арсен Жақанбаев ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арсен Арманұлы Жақанбаев ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды.

Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Арсен Жақанбаев 1988 жылы Алматы облысында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы "Аймақтық-гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық" мемлекеттік мекемесінде маман болып бастаған.

2012-2013 жылдары — "Қазсушар" РМК Қызылорда филиалында инженер-жобалаушы.

2013-2014 жылдары — Қарағанды қ. "Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы" РМК-де жетекші маман.

2014-2017 жылдары — ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (кейіннен Ауыл шаруашылығы министрлігі) Су ресурстары комитетінің бас сарапшысы.

2017-2018 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік инвестициялар және МЖӘ дамыту департаменті басқармасының бас сарапшысы.

2018 жылы — ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің топтық су құбырларын дамыту басқармасының басшысы.

2019 жылы — ҚР АШМ Су ресурстары комитеті Экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы.

2020-2021 жылдары — ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасы басшысы.

2021-2023 жылдары — ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры.

2023 жылдың шілдесінен қарашасына дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су саясаты департаментінің директоры.

2023 жылғы қарашадан қазірге дейін ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді