Алматыда төрт автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгерді

Фото: Zakon.kz
Алматыда бүгіннен бастап төрт автобус бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы қалалық көлік холдингі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 23 қыркүйектен бастап №53, №109 және №115 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгерді. Бұған Рысқұлов даңғылынан Орталық көшесіне кіреберістің жабылуы себеп болды.

№53 бағыттағы автобус Айналмалы көшесімен жүріп, Орталық көшесіне шығады.

Сурет: Telegram/THA_Info

Сонымен қатар №119 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді. Бұл Төле би көшесінің жекелеген учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолдың жабылуына байланысты. Автобус қозғалысы Гоголь көшесімен жүзеге асырылады.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 18 қыркүйекте Алматыда №17, №46, №93 және №123 автобустарының қозғалыс сызбасы уақытшаөзгеретіні хабарланған болатын.

Бұл өзгерістер Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралардың өткізілуіне және №148 мектеп-гимназиясы маңындағы Омаров көшесінде көлік қозғалысының шектелуіне байланысты болған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент

Шымкенттік спортшы Софья Берульцева "Парасат" орденімен марапатталды