Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің атауын өзі ұсынғанын айтты

Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында жаңа институтты құру идеясы қалай пайда болғанын және оның атауы неліктен таңдалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, ол елдегі өзекті мәселелерді ашық талқылап, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін саралайтын және нақты шешімдер ұсынатын арнайы институт құруды көптен бері жоспарлаған.

"Оның құрылымы, атқаратын жұмысы жөнінде ұзақ ойландым. Кеңестің атауын Конституциялық реформа жөніндегі комиссияға өзім ұсындым", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Халық Кеңесі" атауы жаңа институттың жалпыұлттық сипатын көрсететінін атап өтті. Конституцияға сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі – халық. Сондықтан жұртшылықтың мүддесін қорғайтын органның атауында "Халық" сөзінің болуы қисынды әрі заңды деп санайды.

Президенттің айтуынша, "Қазақстан Халық Кеңесі" – Конституцияда бекітілген бірыңғай ресми атау. Бұл жаңа органның жоғары мәртебесі мен жауапкершілігін көрсетеді.

Мемлекет басшысы бұған дейін елдік мәселелерге қатысты маңызды міндеттерді Қазақстан халқы Ассамблеясы, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі, Ұлттық құрылтай және басқа да консультативтік-кеңесші органдар атқарып келгенін еске салды. Ол аталған институттар өздеріне жүктелген тарихи миссияны толық орындады деп бағалады.


"Қазақстан халқы Ассамблеясы ел бірлігін нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Қазақстанды бейбітшіліктің, өзара сенім мен келісімнің ошағы ретінде жер жүзіне танытуға ықпал етті. Қоғамдық сенім кеңесі сындарлы диалог арқылы жаңа саяси мәдениетті орнықтыруға атсалысты. Ал Ұлттық құрылтайдың мүшелері осы жалпыұлттық диалогті одан әрі тереңдете түсті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Ұлттық құрылтай аясында практикалық тұрғыдан құнды бастамалар көтерілгенін айтты. Соның нәтижесінде 26 заң қабылданған, тағы 10 заң жобасы Құрылтайда қаралады.

Сөз соңында Мемлекет басшысы мемлекеттік маңызы бар істерге белсене араласқан азаматтардың әрқайсына алғыс білдірді.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар мен нөсер жаңбыр жауады