Президент Ерлан Қаринге халық арасында Конституцияны түсіндіру, дәріптеу жұмысын жүзеге асыруды тапсырды

Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында Конституцияны халық арасында түсіндіру және дәріптеу жұмысын жүйелі түрде жүргізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы елдің биік мақсаттары мен нақты жоспарларын жүзеге асыру үшін бірлікті нығайтып, белсенді әрі табанды еңбек ету керектігін атап өтті. Оның айтуынша, Конституцияны түсіндіру – аса жауапты жұмыс, оған үстірт қарауға болмайды.

Президент бұл іске білімі терең, тәжірибесі мол заңгерлерді, ғалымдарды, мұғалімдерді, еріктілерді, кәсіпкерлерді, ардагерлер мен мемлекет қайраткерлерін тартуды тапсырды.

"Президент Әкімшілігінің міндеті – бұл жұмыстың кешенді және жүйелі тұғырын қалыптастыру. Аталған міндетті жүзеге асыруды Вице-Президент Ерлан Тынымбайұлы Қаринге тапсырамын. Жұмыстың барысы туралы екі аптада бір рет Президентке тіке баяндайды", – деді Мемлекет басшысы.

Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев алда тұрған нақты міндеттерге тоқталды.

Қазақстан
Астана
Қарин Ерлан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар мен нөсер жаңбыр жауады