Қазақстан халқы Ассамблеясы ел бірлігін нығайтуға өлшеусіз үлес қосты – Қ.Тоқаев

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігін нығайту маңызды міндет екенін айтып, Қазақстан халқы ассамблеясының тәжірибесі жаңа форматта жалғасын табатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Халық Кеңесі сабақтастықты сақтап, Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың дәстүрі мен үздік тәжірибесін жалғастыруы қажет.

"Қазақстан халқының бірлігін нығайту – өте маңызды мәселе. Сондықтан Қазақстан Халық Кеңесі сабақтастықты сақтап, Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың дәстүрі мен үздік тәжірибесін жалғастыруы қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл ретте жұмыстың сапасын жаңа саяси және ұйымдастырушылық деңгейге көтеру қажет екенін атап өтті.

Тоқаев қабылданған шешімдер мен жүргізіліп жатқан реформалардың этномәдени бірлестіктерге әсеріне қатысты алаңдаушылық бар екенін де айтты.

"Қазақстан халқы ассамблеясы, шын мәнінде, өз жұмысын аяқтады. Бірақ бұл ұйым аясында қалыптасқан пайдалы институционалдық инфрақұрылым керексіз болып қалады дегенді білдірмейді", – деді Президент.

Оның айтуынша, Ассамблеяның тәжірибесі жаңа институттың жұмысында пайдаланылмақ.

"Қазақстан халқы ассамблеясының бірегей тәжірибесі ешқашан тарих қойнауына кетпейді, керісінше, Халық Кеңесінің жұмысында қолданылады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазіргі халықаралық жағдайға да тоқталды. Оның сөзінше, жаһандық тұрақсыздық күшейіп, алпауыт мемлекеттер арасындағы сенімге сызат түскен кезеңде Қазақстандағы этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделі елдің орнықты дамуына негіз бола алады.

"Осындай жағдайда Қазақстандағы уақыт тезінен өткен этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік үлгісі алдағы уақытта да еліміздің қарқынды, орнықты дамуына берік негіз болады", – деді Президент.

Сондай-ақ Тоқаев этномәдени орталықтарға, театрлар мен бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

"Біз этномәдени орталықтарға, театрларға, бұқаралық ақпарат құралдарына барынша қолдау көрсетеміз. Бұл – мемлекеттің конституциялық міндеті", – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Президент Қазақстан Халық Кеңесін құрудағы басты мақсатты атаған болатын.

Қазақстан
Құрылтай
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Қазақстанда балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау тәртібі бекітілді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Бір тал темекі 800 мың теңге шығын әкелді