Тоқаев: қоғамдық бақылауды жүзеге асыру – Қазақстан Халық Кеңесі қызметінің негізгі бағытының бірі

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде қоғамдық бақылауды дамыту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, қоғамдық кеңестерде бұған дейін тиісті байланыс пен тәжірибе болмаған. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты алғаш рет Халық Кеңесі арқылы қолға алу қажет.

"Елдік мәселелер талқыланған кезде қоғамдық кеңестердің мүмкіндіктерін толық пайдалану қажет. Осы орайда қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы жетілдіру керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Халық Кеңесі қоғамдық кеңестермен тұрақты байланыс орнатып, оларға жан-жақты қолдау көрсету шараларын қарастыруы қажет екенін айтты.

"Халық Кеңесі қоғамдық кеңестермен тұрақты байланысты жолға қойып, оларға арналған жан-жақты қолдау шараларын қарастыруы қажет. Үкіметке Қазақстан Халық Кеңесімен бірлесіп, мұндай құрылымдардың кәсіби әлеуетін арттыру жолдарын пысықтауды тапсырамын", – деді Президент.

Тоқаев қоғамдық бақылауды жүзеге асыру да Халық Кеңесі қызметінің негізгі бағыттарының бірі болатынын атап өтті.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда қоғамдық бақылауды жүргізудің бірыңғай әрі нақты тәртібі мен біртұтас жүйесі жоқ. Сондай-ақ бұл жұмысты бағалаудың ортақ өлшемдері әзірленбеген.

"Халық Кеңесі қоғамдық бақылау саласын жүйелеп, оны ретке келтіруге атсалысуы керек. Бұл жұмысқа тәуелсіз сарапшылар мен кәсіби мамандарды көбірек тартқан жөн", – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Президент аймақтардың үні Құрылтай мен Халық Кеңесі арқылы мемлекеттік органдарға жететін болады деп мәлімдеген болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар мен нөсер жаңбыр жауады