Аймақтардың үні Құрылтай мен Халық Кеңесі арқылы мемлекеттік органдарға жететін болады – Қ.Тоқаев

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 12:04 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде жаңа институттың аймақтармен байланысына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, Халық Кеңесінің маңызды міндеттерінің бірі – өңірлермен тығыз байланыс орнатып, олардың мүддесін қорғау.

"Кеңестің үштен бір бөлігі – аймақтан келген өкілдер. Олардың қатарында мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері бар. Бұл – жергілікті жердегі мәселелер республикалық деңгейде көтеріледі деген сөз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Сенаттың жұмысын тоқтатуына байланысты өңірлердің мүддесі ескерусіз қалуы мүмкін деген пікірлерге де тоқталды.

"Қоғамда "Сенат жұмысын тоқтатқан соң өңірлердің мүддесі ескерусіз қала ма?" деген сұрақ болуы мүмкін. Тіпті болған деп айтсақ та, қате емес. Бірақ алаңдауға ешқандай негіз жоқ", – деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, бұдан былай аймақтардың ұсыныстары Құрылтай мен Халық Кеңесі арқылы мемлекеттік органдарға жеткізіледі.

"Аймақтардың үні бұдан былай Құрылтай мен Халық Кеңесі арқылы мемлекеттік органдарға жететін болады", – деді Мемлекет басшысы.

Президент өңірлерде халықтың құрметіне ие болған азаматтар аз емес екенін атап өтті. Оның сөзінше, Халық Кеңесі осындай азаматтарды елге танытып, олардың қабілетін одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін институтқа айналуы тиіс.

"Халық Кеңесі осындай мықты тұлғаларды елге танытып, олардың қабілетін одан әрі шыңдауға мүмкіндік беретін мекеме болмақ. Мен бұған кәміл сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы мәслихаттардың Парламентпен тығыз байланыста жұмыс істейтінін айтты. Олар өңірлердегі мәселелерді орталық деңгейге жеткізіп, заңдарды жетілдіруге қатысты ұсыныстарын тұрақты түрде беріп отырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: