Тазалық пен тәртіпті сақтау мәселесі әрдайым басты назарда болуы керек – Президент

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында табиғат пен қоғамдық орындарды қасақана ластауға қатысты жазаны күшейту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы "үшінші сектордың" басты міндеті қоғамда Заң мен Тәртіп, Тазалық пен Табиғатты аялау қағидаттарын орнықтыру екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жұмыс мемлекеттік және қоғамдық тұрғыдан аса маңызды.

"Өкінішке қарай, мәдениетсіздік фактілерімен жиі бетпе-бет келеміз. Табиғатты, қоғамдық орындарды қасақана ластайды. Қоғамға, мемлекетке қарсы мұндай бейбастақ әрекеттерге жазаны күшейткен дұрыс деп есептеймін", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" бастамасын адамның айналасына жауапкершілікпен қарау дағдысы, азаматтық кемелдіктің және мемлекет өркениетінің өлшемі деп сипаттады. Ол еліміздің бірқатар қаласы мен ауылында экологиялық мәдениет пен қоғамдық тәртіптің жақсы үлгілері барын айтты.

Президенттің сөзінше, Қазақстан қонақжай әрі қауіпсіз ел ретінде танылған. Енді тазалықты да елдің ұлттық брендіне айналдыру қажет. Қалалардың көркіне шетелден келген қонақтар қазірдің өзінде назар аударады, бұл елдің туристік және инвестициялық тартымдылығын арттырады.


"Осындай жетістіктерді ел аумағында таратуымыз керек. "Таза Қазақстан" бастамасының мән-мазмұнын күшейтіп, тың идеялармен, креативті жобалармен толықтырған жөн", – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Қазақстанда балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау тәртібі бекітілді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Бір тал темекі 800 мың теңге шығын әкелді