Президент: елімізді жаппай көгалдандыру, тазалықты сақтау, заң мен тәртіпті бұзбау – мемлекеттік міндеттер

Фото: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында абаттандыру мен тазалықтың қоғам өміріне әсері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы абаттандыруға жұмсалған қаржыны халықтың болашағына салынған инвестиция деп атады. Оның пікірінше, көрікті әрі таза қала кеңістігі адамдарды тәртіпке баулып, өз қадір-қасиетін сезінуге және ертеңгі күнге сеніммен қарауға ықпал етеді.

"Көшедегі тазалық пен тәртіп қоғамды жасампаздыққа құлшындырып, әлеуметтік оптимизмді оятады. Сайып келгенде, елдің әл-ауқатының артуына ықпал етеді", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік масылдықтан арылып, жауапты серіктестікке көшуге жағдай жасау қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, елдегі өзгеріс күнделікті тіршіліктегі нақты істерден көрінеді.


"Елдегі өзгеріс қарапайым істен басталады. Тұрғындары іскер, белсенді әрі жаңашыл әкімді сайлаған берекелі ауылдан, өз үйінің мәселесіне бей-жай қарамайтын мүлік иелері бірлестігінің тату-тәтті тіршілігінен, азаматтарға шарапаты тиген волонтерлік және қайырымдылық бастамалардан көрінеді", – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар мен нөсер жаңбыр жауады