Жалған нөмір таққан жолаушылар автобусы анықталды

Фото: Zakon.kz
Қостанай полицейлері жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жолаушылар автобусын арнайы тұраққа қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Alau.kz жазуынша, MAN маркалы маршруттық автобус жолаушыларды жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен тасымалдаған. Полиция жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғап, автобусты арнайы тұраққа орналастырды.

Құқық бұзушылық 2026 жылғы 25-27 қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңірінде өткен "Жалған нөмір" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.

Полиция көлік жүргізушісі жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапты екенін және заң талаптары мен жол қозғалысы ережелерін сақтауға міндетті екенін еске салды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 2026 жылғы 22 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте кейбір жүргізушілерді айыппұл төлеген кезде берілетін жеңілдіктен айыру мүмкіндігін түсіндірген болатын.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Дербес деректердің жаппай таралуына әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапкершілік одан әрі күшейтілмек

ТЖМ жер сілкінісі туралы мәлімет жариялады

Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

Алматыда жер сілкінді