Астанада қанша жұмыссыз тіркелген

Фото: pixabay
Астананың Еңбек мобильділігі орталығының директоры Олжас Омар 2026 жылғы 7 қазанда өткен брифингте елорда тұрғындарын жұмыспен қамту жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Олжас Омардың мәліметінше, қазіргі уақытта Астанада 8 439 жас жұмыссыз ретінде есепте тұр.


"Олардың 5 552-сі – әйелдер, 2 887-сі – ерлер. Тіркелген жұмыссыз жастардың жас құрамына келсек, 169 адам 16–19 жас аралығында, 2 405 адам 20–24 жас аралығында, 2 544 адам 25–29 жас аралығында, ал тағы 3 321 адам 30–34 жас аралығында", – деді ол.

Ресми тіркелген жұмыссыздардың басым бөлігінің жоғары білімі бар. Олардың саны – 5 220 адам. Тағы 3 043 адамның орта кәсіптік білімі бар, ал 54 адамның білімі жоқ.

Бұған дейін Олжас Омар жастардың жұмыс іздеу үшін қайда жүгіне алатынын айтқан еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін