Жоғарғы сот жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау тәртібіне өзгерістер енгізді

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
ҚР Жоғарғы соты жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау мәселелеріне қатысты 2017 жылғы 8 желтоқсандағы нормативтік қаулысына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзгерістер Конституциялық соттың 2026 жылғы 12 маусымдағы нормативтік қаулысында баяндалған құқықтық ұстанымын іске асыру аясында қабылданды.

Бұған дейін Конституциялық сот басқа іс бойынша заңды күшіне енген сот актісі бұрын қабылданған шешімнің негізіне алынған нақты мән-жайларды теріске шығарса және бұл мән-жайлар іс үшін елеулі маңызға ие болса, сот актісін қайта қарау мүмкіндігін қарастыру қажет екенін атап өткен.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, мұндай сот актісі бұрын қабылданған сот актісін қайта қарауға негіз болып танылады.

Конституциялық сот бұл өзгерістер бірдей елеулі мән-жайлар жөнінде бір-біріне қарама-қайшы тұжырымдар жасалған сот актілерінің қатар күшінде қалуын болдырмауға мүмкіндік беретінін және сот арқылы қорғалу құқығының кепілдіктерін күшейтетінін атап өтті.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін