2026 жылғы 20 қазанда жарияланған ақпаратқа сәйкес, теле және радио хабарларын тарату уақытша мына кесте бойынша тоқтатылады:
- 2026 жылғы 21 қазан: сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін (тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстармен қатар жүргізіледі);
- 2026 жылғы 22 қазан: сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін (монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары жалғасады).
"Телерадио хабарларын тарату инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында "Көк-Төбе" телемұнарасында 275–282 метр биіктікте FM диапазонына арналған заманауи антенна жүйесін орнату жұмыстары жүргізіледі. Бұл техникалық шаралар радио хабарларының сапасын, тұрақтылығы мен сенімділігін арттыруға бағытталған", – деп атап өтті "Қазтелерадио" өкілдері.
Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, көрермендер мен тыңдармандарға түсіністік танытқаны үшін алғыс білдірді.