Almaty Open: Нұрланұлы мен Бублик жұбының матчын көрермендер тік тұрып тамашалады

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
2026 жылғы 20 қазанда қазақстандық теннисші, 18 жастағы Заңғар Нұрланұлы мансабындағы маңызды матчтардың бірін өткізді. Ол Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бубликпен жұптасып, Almaty ATP 250 турнирінің жұптық сыныбындағы алғашқы кездесуіне шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары бразилиялық Фернандо Ромболи мен израильдік Даниель Цукерман болды.

Ұйымдастырушылар бірінші кортқа қойған бұл матчқа көрермен көп жиналды. Аренадағы жанкүйерлер саны 800 адамға арналған орынның сыйымдылығынан асып кетті. Бірқатар жанкүйер тартысты ойынды тік тұрып, енді біреулері өткелдерде отырып тамашалады.

Теннисшілер де жанкүйерлердің үмітін ақтап, әдемі доп алмасуларымен көрермендердің зор қошеметіне бөленді.

Бірінші сетте турнир қожайындары 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші сет тай-брейкке ұласып, онда Ромболи мен Цукерман 7:5 есебімен басым түсті.

Шешуші супер тай-брейкте қонақтар 10:6 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың ширек финалына жолдама алды.

Айта кетейік, бүрсігүні Александр Бублик жекелей сында өнер көрсетіп, венгриялық Фабиан Марожанмен кездеседі. Ал Заңғар Нұрланұлы ертең әлемнің 72-ракеткасы, чехиялық Томаш Махачқа қарсы ойнайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада қар жауып, түнде −5°C-қа дейін суытады: Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтынын айтты

Астана әуежайында жолаушыларды биометрия арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілмек

20 қазан: Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы

Қазақстанда қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсы құрылады