Президенттің айтуынша, бағдарлама азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және ұлттық экономиканы жандандыруға ықпал етеді.
"Халықтық құрылыс" бағдарламасы азаматтардың әл-ауқатын арттыратын, кәсіпкерліктің өркендеуіне, дамуына, ұлттық экономиканы жандандыруға зор ықпал ететін төл тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болмақ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жоба аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлініп, көптеген елді мекенге газ және таза ауыз су жеткізіледі.
Үкіметке жыл соңына дейін нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлеу тапсырылды. Бұл тізім еліміздің барлық өңірін қамтуы керек.
Мемлекет басшысы бағдарламаның халықты жұмыспен қамтуға да ықпал ететінін атап өтті.
"Аталған бастама жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамтиды, оның игілігін тұтас халқымыз, әсіресе, өскелең ұрпақ көреді деп кәміл сенемін", – деді Президент.