Ауыл шаруашылығы саласына ЖИ тәсілдерін жедел қарқынмен енгізу қажет – Президент

Фото: akorda.kz
Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу қажет. Бұл туралы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, өткен аптада Астанаға іссапармен келген NVIDIA компаниясының басшысы Дженсен Хуанг Қазақстанның ауыл шаруашылығына жасанды интеллект тәсілдерін енгізу қажеттігі туралы пікір білдірген.

"Меніңше, бұл – өте орынды ұсыныс. Оны жедел қарқынмен іске асыруымыз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан бұл бағытта табысқа жетсе, жаһандық азық-түлік тапшылығы туындаған жағдайда Еуразияны азық-түлікпен қамтамасыз ететін негізгі орталыққа айналуы мүмкін екенін атап өтті.

Оның айтуынша, елімізде ірі су көздеріне жақын орналасқан, ауқымды аумақты алып жатқан жер алқаптары бар. Оларды суармалы егіншілікке пайдалану дәстүрлі дақылдардың өнімділігін 2–2,5 есе арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Президент жаңа егістік алқаптарын игеру кезінде су үнемдеудің озық әдістері мен агрохимиялық технологияларды қолданудың маңызын атап өтті. Алайда оның айтуынша, Қазақстанда бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігі әлі де төмен.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Жолдауы – 2026
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды