Әдейі жасалған кедергілер де бар – Президент Жолдауда кәсіпорындар қандай қиындықтарға тап болатынын айтты

Фото: akorda.kz
Қазақстанда кәсіпкерлердің экономикалық баптар бойынша қылмыстық қудалауға тартылуына қатысты шағымдар әлі де түсіп жатыр. Сонымен қатар отандық өндірушілер, әсіресе азық-түлік саласындағы кәсіпорындар түрлі кедергілерге тап болуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыссыздандыру бойынша шаралар қабылдау қажет.

Сондай-ақ кәсіпкерлерге, әсіресе шағын және орта бизнес өкілдеріне тең мүмкіндік беріп, әділ бәсекелестікке жол ашу маңызды. Алайда кей жағдайда бұл талап сақталмайды.

Мемлекет басшысы кейбір импорттық тауарлардың құны қолдан төмендетіліп, отандық өнімдердің ішкі нарыққа шығуына әдейі кедергі жасалатынын атап өтті.

"Шынын айтқанда, бұл – жемқорлық. Сондықтан осындай қитұрқы әрекеттерді тоқтату керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, мұндай әрекеттер отандық компаниялар мен тауарлардың бәсекеге қабілетін әлсіретіп, ұлттық экономикаға зиян келтіреді.

"Басқаша айтсақ, бизнесті қорғау – ұлттық экономиканың дербестігін нығайту деген сөз. Ал бизнеске қолдан заңсыз тосқауыл жасау, бұл – мемлекетке қарсы жасалған қылмыс деп айтсақ артық болмас", – деді Мемлекет басшысы.

Осыған байланысты Президент кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру қажеттігін айтты. Бұл жұмысты сауда бірлестіктері аясында да жүргізуге болады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Жолдауы – 2026
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды