Қазақстанның қаржы жүйесі айтарлықтай орнықты деңгейде – Президент теңгенің құндылығы арта түскенін айтты

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстандағы банктердің активтері 75 трлн теңгеден асып, депозиттердің көлемі рекордтық 52 трлн теңгеге жетті. Салымдардың 78%-ы ұлттық валютада сақталған. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесі айтарлықтай орнықты деңгейде. Осыған байланысты қаржы нарығын реттеуші мекемелер өз міндеттерін сапалы әрі тиімді орындауы керек.

"Салымдардың 78 пайызы ұлттық валютада сақталған. Бұл ұлттық теңгенің құндылығы арта түскенін көрсетеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ендігі маңызды міндет жинақталған қаржы ресурстарын экономиканың нақты секторын дамытуға бағыттау екенін атап өтті.

Сонымен қатар Президент Ұлттық банкке баға мен қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етумен қатар, экономиканың дамуына жол ашатын бастамаларды жүзеге асыруға атсалысу қажет екенін айтты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Жолдауы – 2026
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды