Тоқаев "әл-ауқат калькуляторын" мұқият тексеруді тапсырды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік көмек көрсету жүйесіндегі өзгерістерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Президент мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс екенін атап өтті.

"Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі – осы. Жалпы, бұл салада өзекті мәселелер аз емес, соған байланысты Үкімет өз ұсынысын, шешімдерін беруде. Қазір қоғамда осы мәселелер бойынша қызу талқы жүріп жатыр. Азаматтар өздерін алаңдатқан мәселелерді ашық айтуда. Сондықтан бұл күрделі мәселені "өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай", байыппен, салмақты көзқараспен шешу қажет. Артық қыламын деп, тыртық қылуға мүлдем болмайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, кез келген реформа терең сарапталып, мұқият зерттеліп, азаматтардың жағдайын мейлінше ескере отырып жүргізілуге тиіс.

"Әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдерін, соған қатысты ақпараттық жүйелердің қызметін алдын ала мұқият тексерістен өткізу қажет. Ең дұрысы, ондай жобаларды әуелі пилоттық режимде іске қосып, тиімділігі расталған соң ғана кең ауқымда қолдану керек. Түптеп келгенде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз – азаматтарды әлеуметтік төлемдерге тәуелді ету емес, бұл, ең алдымен, халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын арттыру деген сөз. Сондықтан біз адам капиталының сапасын жақсартуға және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға баса мән беріп отырмыз", – деді мемлекет басшысы.

Бұған дейін президент жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажеттігін мәлімдеді.

Қазақстан
Президент Жолдауы – 2026
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды