Қазақстанда Салық кодексінің жекелеген нормалары қайта қаралады

Фото: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында Үкіметке жаңа Салық кодексінің бизнеске қиындық туғызатын жекелеген нормаларын қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы салық саясатын жетілдіруді келесі басымдық ретінде атады.

"Жаңа Салық кодексі бүкіл жүйені кешенді түрде жаңғыртуға негіз қалады. Алайда мұндай ауқымды реформа барысында құжатты әзірлеу кезеңінде алдын ала ескеру қиын мәселелер туындайтыны сөзсіз. Соның салдарынан бизнес жекелеген нормаларды қолдану кезінде қиындықтарға тап болып отыр. Салық кодексі – догма да, қасиетті жазба да емес, ол шынайы өмірден алшақ болмауға тиіс. Сондықтан қайшылықтарды жойып, нормалардың екіұшты түсіндірілуіне жол бермеу, теңгерімсіздіктер мен кәсіпкерлерге түсетін артық жүктемені жою қажет", – деді мемлекет басшысы.

Президент салық жүйесі бизнестің дамуға деген ынтасын төмендетпеуге, инвестиция тартуға және жұмыс орындарын ашуға кедергі келтірмеуге тиіс екенін атап өтті.

"Сондықтан Үкімет бизнес өкілдерінің пікіріне құлақ асып, салық заңнамасына нақты түзетулер топтамасын әзірлеуі қажет. Кәсіпкерлердің жұмыс істеу ережелерін қайта-қайта өзгерте бермес үшін әр түзету әбден пысықталуы керек. Заңнамамыздың ауқымы соншалықты үлкен әрі түсінуге күрделі болғандықтан, кәсіпкерлер үшін нағыз бас ауруына айналды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты Жолдаудың онлайн-трансляциясын мына жерден көре аласыздар.

Қазақстан
Президент Жолдауы – 2026
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды