Депутат ең төменгі жалақы индекстелуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
"Бюджетте ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге болып белгіленген. Ол бюджеттен жалақы алатын қызметкерлердің базалық төлемдерін есептеу үшін қажет. Жалпы, меніңше, бұл мәселе де қарастырылуы мүмкін", – деді Имашева.
Оның айтуынша, ең төменгі жалақының қазіргі мөлшері қайта қаралады.
"Президент 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл көрсеткіш өзгеретінін мәлімдеді. Сондықтан қазір Құрылтайда қаралып жатқан Бюджет кодексіне тиісті түзетулер енгізіледі. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа мөлшер қолданылады", – деді депутат.
Бұған дейін Құрылтай депутаты Никита Шаталов президенттің сән-салтанат салығына қатысты тапсырмасына пікір білдірген еді.