Ол әлеуметтік реформаларды азаматтардың жағдайын ескере отырып, жан-жақты талдау негізінде және байыппен жүргізу қажеттігін атап өтті.
"Осыған байланысты қысқа мерзімде мынадай жұмыстарды жүргізуді тапсырамын. Еңбек министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, 1 желтоқсанға дейін отбасылардың нақты жағдайын барынша толық есепке алу үшін цифрлық жүйелерді интеграциялауды қамтамасыз ету тапсырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қолдау шараларын кезең-кезеңімен енгізуді пилоттық режимде қамтамасыз ету қажет", – деді Бектенов.
Сондай-ақ Еңбек министрлігіне пилоттық жобаны енгізу және отбасының әл-ауқатын бағалау әдістемесіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді жедел қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды.
"Барлық деңгейдегі әкімдер әлеуметтік саясаттың жаңа тәсілдерін енгізу бойынша халық арасында жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруы керек. Еңбек, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеруді қамтамасыз етуді тапсырамын", – деп толықтырды премьер-министр.
Бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтерілетіні туралы жазған болатынбыз.