Кездесуге Бас әскери прокурор мен ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері де қатысты.
Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларының қайғысына ортақтасып, туыстарының өтініштеріне түсіністікпен қарайтынын айтты.
"Қорғаныс министрлігі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасының қайғысына ортақтасып, туыстарының өтініштеріне түсіністікпен қарайды. Әрбір өтініш мұқият қаралып, нақты жауап беріледі", – деді Айдос Мырзахметов.
Кездесу соңында министр әрбір жағдайды жеке зерделеп, туыстары ұсынған материалдармен танысатынын мәлімдеді.