Бұған жол жөндеу жұмыстары себеп болған.
"Облыстық маңызы бар "Алмалыбақ (КИЗ) – Жетісу" – "Алматы-1 – Шамалған станциясы – Ұзынағаш" автожолының Ұлан және Көлді ауылдары арасындағы учаскесінде күрделі жөндеу аясында асфальтбетон жабыны төселіп жатыр. Жұмыстар қоғамдық көліктің жүруіне мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты 1 қараша күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін №237 автобус бағытының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді", – деп хабарлады бүгін, 30 қазанда Алматының Көлік холдингі.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, №237 автобус мына бағыттармен жүреді:
Солтүстік бағытта: Сұлуcай көшесі – Достық көшесі – Ұлан ауылы арқылы өту – М-36 тасжолы – көпірден түсу – Сорбұлақ трактісі – Шобалов көшесі – әрі қарай бұрынғы бағыт бойынша.
Кері бағытта: Шобалов көшесі – Сорбұлақ трактісі – көпірге шығу – М-36 тасжолы – Достық көшесі – Сұлуcай көшесі – әрі қарай бұрынғы бағыт бойынша.
Бұған дейін Алматыда автобус қозғалысы кестесінің өзгеруіне қатысты түсініктеме беріліп, жолаушыларға ескерту жасалған болатын.