Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 31 қазан мен 1-2 қарашаға арналған жаңартылған ауа райы болжамында мәлімдеді.
Астанадағы ауа райы болжамы
- 31 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан соғады, түнде 3-8, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз +9...+11°С.
- 1 қараша: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан соғады, түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз +9...+11°С.
- 2 қараша: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°С, күндіз +6...+8°С.
Алматыдағы ауа райы болжамы
- 31 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°С, күндіз +12...+14°С.
- 1 қараша: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°С, күндіз +12...+14°С.
- 2 қараша: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +14...+16°С.
Шымкенттегі ауа райы болжамы
- 31 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7°С, күндіз +20...+22°С.
- 1-2 қараша: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +6...+8°С, күндіз +20...+22°С.