Ташкенттегі ауруханаға түскен қазақстандықтардың жағдайы туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді

Фото: akorda.kz
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Ташкентте Қазақстан азаматтарының ауруханаға жатқызылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Өзбекстан астанасында "балалар жаппай уланғаны" туралы ақпарат тараған болатын. Ата-аналардың бірінің айтуынша, 2026 жылғы 31 қазанда Ташкенттегі қонақүйлердің бірінде таңғы ас ішкеннен кейін балалар мен ересектердің іші ауырып, дене қызуы көтеріле бастаған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 2 қарашада мәлімдегендей, Қазақстан азаматтары Ташкентке Dostik Cup халықаралық футбол турниріне қатысу үшін барған.

"Қалада болған кезде тамақтан улану белгілерімен 17 адам, оның ішінде 11 бала мен 6 ересек адам ауруханаға жатқызылды. Қазір олардың барлығы ауруханада жатыр. Барлық науқастың жағдайы тұрақты, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстан тарапымен тұрақты байланыста екені атап өтілді.

"Оқиға орнында Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі жүр. Жағдайды тиісті қызметтер бақылауда ұстап отыр", – делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі көмекке мұқтаж Қазақстан азаматтарының барлығы Өзбекстандағы мамандандырылған медициналық мекемелерге жатқызылғанын және оларға қажетті дәрігерлік көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеген болатын.

Сыртқы саяси ведомство өкілдері қазақстандық дипломаттар зардап шеккендердің туыстарымен және медициналық мекемелермен байланыста екенін, сондай-ақ жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Екі облыста қар жауып, жол тайғақ болады: 2 қарашаға арналған ауа-райы болжамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды