Мақсат Қалиақпаровтың айтуынша, әңгіме 106 жаңа вагон туралы болып отыр.
"Иә, осы айда (2026 жылғы қарашада – ред.) іске қосамыз. Әзірге нақты күні белгісіз", – деді ол.
Вице-министрдің сөзінше, негізгі бағыттар Астана мен Алматыдан өңірлерге қарай болады. Себебі әзірге вагондарға техникалық бақылау жүргізу мүмкіндігі тек осы екі қалада бар.
"Бақылау әзірге екі қалада ғана бар: Астана мен Алматыда. Мысалы, Астана – Қостанай, Астана – Алматы, Астана – Қызылорда бағыттары. Бұл бағыттарда "Тальго" пойыздары қатынайды. Кеңес дәуірінен қалған ескі вагондар пайдаланудан шығарылады", – деп толықтырды вице-министр.
Вагон паркін жаңарту жоспарлары туралы 2025 жылғы қарашада хабарланған болатын.