Вице-министрдің айтуынша, азаматтарға ыңғайлы болуы үшін медициналық қызметтерге онлайн жазылу мүмкіндіктерін кеңейту және жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр.
"Министрлік Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жетілдіру жөніндегі 2026–2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспарда МСАК ұйымдарының тіркеу бөлімдері мен байланыс орталықтары негізінде пациенттерді бағыттайтын бірыңғай қызмет құру көзделген", – делінген жауапта.
Жаңа қызмет мамандары пациенттің өтінішін бастапқыда бағалап, оған медициналық көмекті қайда және қандай тәртіппен алған қолайлы екенін анықтайды. Сондай-ақ пациентті тиісті медициналық қызметке жазып, қажетті ақпарат береді.
Бұған дейін Қазақстанда дәрігерлерге пациенттерді қабылдау кестесін жаңа тәртіппен жасау міндеттелетінін хабарлаған едік.