Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің ұлттық цифрлық деректер қорын жасақтау қажет екенін айтты

Сурет: akorda.kz
Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Х құрылтайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұрағаттар мен кітапханаларда сақталған қазақ тіліндегі кітаптарды, мерзімді басылымдар мен аудио-бейне жазбаларды цифрландыру жұмысын қайта жандандыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ең біріншіден, алдымызда қазақ тілінің ұлттық цифрлық деректер қорын жасақтау міндеті тұр. Жалпы, біз қазақ тілінің сөздік қоры өте бай деп жиі айтамыз. Мұның шындық екені де күмәнсіз. Әдеби-мәдени мұрамыз да ұшан-теңіз. Алайда сол дүниенің көбі кезінде цифрлық жүйелерге толық әрі сапалы көшірілді деп айту қиын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы мұрағат және мұражай қорларын цифрлық форматқа көшірудің келешек ұрпақ үшін маңызына тоқталды.

"Сол себепті мұрағатта немесе кітапханаларда ғана сақталған қазақ тіліндегі кітаптарды, мерзімді басылымдарды, аудио-бейне жазбаларды, мұрағат (архив) және мұражай (музей) қорларын цифрлық форматқа көшіру ісін қайта жандандыру қажет. Халқымыздың өшпес мұрасы мен рухани байлығы қағаз бетінде емес, цифрлық кеңістікте сақталуға тиіс. Келешек ұрпақ осы игі істің жақсылығын көреді", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінде білім алуға жағдай жасау үшін оқулықтар мен оқу құралдарының сапасына ерекше көңіл бөлу қажет екенін де айтты.


"Бұған қоса, инженерия, медицина, құқық, экономика, жаратылыстану сияқты түрлі ғылымды және ақпараттық технологияларды қазақ тілінде үйренуге барынша қолайлы жағдай жасалуы керек. Бұл тұста, ең алдымен, сапалы оқулықтар мен оқу құралдарын даярлауға баса мән берген жөн. Өкінішке қарай, бұл мәселе бойынша көп қателік жасалды, олқылықтар да аз емес", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар мен нөсер жаңбыр жауады