Stadler жаңа вагондардың кешігуі үшін ҚТЖ-ға өтемақы төлейді

Фото: Zakon.kz
"ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ануар Ахметжанов 2026 жылғы 11 қарашада Астанада өткен брифингте Stadler вагондарын пайдалануға беру мерзімінің кешігуіне байланысты өтемақы төлеу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ануар Ахметжановтың айтуынша, ҚТЖ мен Stadler арасында вагондарды сатып алу-сату және жеткізу туралы шарт бар.

"Біз келісімге келдік. Шарт талаптарына сәйкес өтемақы төленеді. Белгілі бір рәсімдерден өтіп, құжаттарды тапсыру қажет. Жалпы, келісім бар, оған қол қойылған және ол орындалады", – деді ол.

Ахметжанов коммерциялық құпияға сілтеп, өтемақы сомасын жарияламады.

Ал "Штадлер Қазақстан" ЖШС коммерциялық директоры Сергей Леонтьев вагондардың неліктен кешіктірілгенін түсіндірді.


"Вагондардың жекелеген жүйелеріне қажетті қосымша баптаулар жасалды. Одан кейін екі тараптың бақылауымен қосымша сынақтар өткізілді. Вагондардың толық қауіпсіз әрі жайлы екеніне екі тарап та көз жеткізген соң, олар тапсырыс берушілерге тапсырылып, бағыттарға шықты. Қосымша сынақтарға байланысты туындаған барлық шығынды Stadler компаниясы өз мойнына алды", – деп сендірді ол.

Бұған дейін Ануар Ахметжанов жолаушылар тасымалы желісін кеңейту жоспарлары туралы айтқан еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Түркиядағы металлургия зауытындағы жарылысқа байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті

Алматыда нөсерден кейін көшелерді су басып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындады

Қазақстандықтарға екпе туралы SMS келе бастады: хабарлама алған соң не істеу керек

Көлік алуға несие сұрағандардың басым бөлігіне банк неге сенбейді