"Заң алдында бәрі тең": саясаттанушы "Самұрық-Қазына" мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы туралы

Сурет: Telegram/Данияр Ашимбаев
Саясаттанушы Данияр Әшімбаев "Самұрық-Қазына" АҚ және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Заң мен тәртіп" саясаты аясында елеулі қадам жасады: квазимемлекеттік сектордағы жоғары лауазымды екі тұлға – "Самұрық-Қазына" қоры мен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағалары ұсталды. ҚТЖ тарихында мұндай жағдайлар бұрын да болған. Ал "Самұрық" басшысының қамауға алынуы – бұрын-соңды болмаған оқиға", – деп жазды ол Telegram-арнасында.

Әшімбаевтың пікірінше, мемлекет лауазым мен саяси ықпалға қарамастан, сыбайлас жемқорлықпен қатаң күресуге, жазаның бұлтартпастығы мен заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымын көрсетіп отыр.

"Мемлекет басшысы жаңа Конституцияның негізгі нормаларының біріне айналған "Заң мен тәртіп" қағидатын жариялағанда, дәл осы мәселе туралы бірнеше рет айтқан", – деп жазды саясаттанушы.

Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда айтқан сөзін еске салды:

"Сауатсыз, оның үстіне ашкөз, дүниеқоңыз әрі сыбайлас жемқорлыққа бейім адамды патриот деуге болмайды".


"Мемлекет басшысы дәріптеп жүрген жасампаз отаншылдық заң бұзушылықтың ешбір түріне жол бермейді. Тағы да еске салайын: бұл ұстаным баршаның құқығы мен міндетінің тең болуын талап етеді. "Самұрық" қорының басшысы – елдегі ең жоғары лауазымдардың бірі, ал қордың өзі аса маңызды көптеген бағдарламаның негізгі операторы. Мемлекеттің оның жоғары лауазымына да, беделге нұқсан келу қаупіне де қарамастан, оны ұстауға рұқсат беруі өзгелерге сабақ болуы керек", – деп жазды Әшімбаев.

2026 жылғы 12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың, "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің және басқа да адамдардың ұсталғанын хабарлады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Давид Лория әкесіне іздеу жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған