"Қазгидрометтің" мәліметінше, 13 қарашада Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды, ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Оларға желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Сондай-ақ "Қазгидромет" мамандары дауылды ескерту жариялады. Қазақстанның барлық өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі.